Қызылорда облыстық бокс федерациясы республика бойынша үздік деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облыстық бокс федерациясы республика бойынша үздік деп танылды

07.12.2015
Қызылорда облыстық бокс федерациясы республика бойынша үздік деп танылды

Бұл туралы Шымкентте өткен ҚБФ Кубогы финалында белгілі болды.

Мұнда түрлі аталым иегерлері – үздік боксшылар, мамандар мен федерация өкілдері марапатталды. 2015 жылдың үздік бокс федерациясы ретінде Қызылорда облыстық бокс федерациясы аталды.

Сертификат пен Кубок аймақтық федерацияның вице-президенті Қанат Қизатовқа табысталды.

Бұл марапатта ұйым құрылғаннан бері іргелі істің басы-қасында жүрген федерация президенті Шыңғыс Бердіғожиннің үлесі зор.

Федерация қызметін бастаған алты жыл ішінде балалар, жасөспірімдер мен ересектер боксын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аталған жетістіктерді бағындыруда спорттың осы түрінің тұрақты демеушісі «ҚОР» мұнай компаниясының көмегі айтарлықтай, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу