- Гемоглобинді жоғарылатады. Анар жемісі қаназдық ауруымен күресуге көмектеседі. Осы дерт кезінде анар шырынын 2 ай көлемінде күніне 30 минуттан 3 стақан ішу абзал.
- Қанқысымын төмендетеді. Анар дәндері қанқысымы дертіне шалдыққан науқастардың артериальді қысымдарын түсіруге көмектеседі. Кептірілген жеміс жарғағын шайға қосып ішсе, жүйке жүйесін қалпына келтіріп, түнгі ұйқыны жақсартады.
- Гормон белсенділігін арттырады. Анар жемісі дәнінің құрамында май бар. Ол ағзадағы гормондық балансты қалпына келтіреді. Сол себепті жеміс дәндерін жеген пайдалы.
- Ауыз-қуысын дәрілейді. Жеміс қабығынан жасалған су тұнбасын немесе шырынын ангина және фарингит ауруларын емдеу кезінде тамақты шаюға пайдаланады.
- Инсулинді алмастырады. Анар жемісі қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Тамақ ішпес бұрын 60 тамшы жеміс шырынын күніне 4 рет қолданса, қан құрамындағы қант деңгейі төмендейді.
- Радиацияны шығарады. Анар шырыны радиоактивті изотопты заттармен жұмыс жасайтын немесе радиациясы жоғары аймақта тұратын адамдарға ішкен жөн.
- Ағзадағы құрттардың көзін жояды. Піскен анар қабығы құрамында құрттарға қарсы пельтьерин, изопельтьерин және метилизопельтьерин сынды алкалоидтар бар. Ағзадағы құрттардың көзін жою үшін 40-50 г анар қабығын 400 г суық суға салып қайнату арқылы ағзаға іштей қабылдау керек.
- Іш өтуді тоқтатады. Анар жемісі мен қабығын іш өтуге, тоқ ішектің қабынуына қарсы қолданады.
- Ағзадағы қабынуды емдейді. Жеміс қабығы адам ағзасындағы бүйрек, бауыр, көз, құлақ, буын қабынуларына қарсы емдік мақсатта пайдаланылады. Ол үшін 2 асқасық анар қабығын 1 стақан ыстық суға салып, 30 минут қайнатып, дайын болған тұнбаны күніне 50 граммнан 2-3 реттен ішкен дұрыс.