Астанада мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулерді дамытуға бағытталған тренинг өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулерді дамытуға бағытталған тренинг өтеді

04.12.2015
Астанада мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулерді дамытуға бағытталған тренинг өтеді

Аталмыш шараға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қолдау көрсетіп отыр. Семинар оған қатысушы елдердің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған.  

Онда Хабқа мүше әлемнің түрлі мемлекеттерінен келген сарапшылар мемлекеттік қызмет саласындағы зерттеулерін қазіргі таңдағы жағдайды зерделей отырып, біріктіріп,   жетілдіре түспек және осы еңбектер бойынша салыстырмалы талдау жұмыстары да жүргізіледі. 

Семинардың жұмысына Өңірлік хабқа мүше 17 елдің өкілдері қатысады. Олардың арасында Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова, Босния және Герцоговина мен өзге де бірқатар мемлекеттер бар.

Жиынға қатысушыларды Өңірлік хабтің басқарушы директоры Әлихан Бәйменов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.Әбдірәсілов пен БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура қарсы алатын болады, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі.   

Хабарламаларға жазылу