Оның ішінде 26 мыңнан астамы «Алтын алқа» иегері болса, 32 мың ана «Күміс алқа» алған. Ал, 7 мың 200 әйел бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері атанса, 6 мың 700-ге жуығы батыр аналарымыз.
Сондай-ақ, 78 мың ана 4 жастан 18-ге дейінгі бала тәрбиелеп отыр. Өмірге ұрпақ әкеліп, тіршілікке тірек болған қажыр-қайратты аналарды сауықтыру жағдайы толық шешілген.
«Жыл сайын 8 мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді. Айталық, жыл басынан бері 700-ден астам ана Ардагерлер үйінде, 720 Батыр аналар мен «Алтын алқа» аналар иегерлері «Мейір» ардагерлер үйінде емделген»,-деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 66 мың 190 нәресте дүние есігін ашқан. Оның 654-і егіз болса, 10-ы үшем.