Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылады

03.12.2015
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылады

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы желтоқсан айындағы ФИФА рейтингінде 2 саты жоғарылап, 2015 жылды 129-орынмен аяқтады.

Жыл басында Юрий Красножан шәкірттері рейтингте 139-орында тұрған еді. Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы жалпы саны 9 ойын өткізді. Оның 6 ойыны Еуро-2016 турнирі аясында өтсе, 3 ойын жолдастық кездесу.

9 ойында Ұлттық құрама футболшылары 1 рет жеңіске жетіп, 4 ойында тең ойнаса, 4 ойында жеңілген.

ФИФА рейтингі, 3 желтоқсан:

1 (1). Бельгия - 1440 ұпай

2 (3). Аргентина - 1383

3 (6). Испания - 1370

4 (2). Германия - 1347

5 (5). Чили - 1273

6 (8). Бразилия - 1251

7 (4). Португалия - 1219

8 (7). Колумбия - 1211

9 (9). Англия - 1106

10 (10). Австрия - 1091,

...129 (131). - Қазақстан - 266.

Хабарламаларға жазылу