Бүгін «Балапан» телеарнасының көрермендері сүйікті арналарында қонақта болды. Телеарна ұжымы 4-10 жас аралығындағы балалар арасында фокус-группа әдісін ұйымдастырды.
Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы бағдарламалар мен мультхикаялар туралы әңгімелеп, ойларын, ұсыныс-тілектерін білдірді.
Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы бағдарлама сапасы мен сұранысын анықтау, балалардың ой-пікірін білу мақсатында жылына екі рет фокус-группа өткізіп отырады. Сондай-ақ, телеарна 10 мыңнан астам көрермен арасында сауалнама жүргізді.
Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесі алдағы жылы жарық көретін бағдарламалардың жанрын анықтауға негіз болады.