Тұңғыш Президент күніне орай Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетіне 500 орындық студенттер жатақханасы пайдалануға берілді.
Нысанның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қатысты.
Жатақханада оқу кабинеттері, акт залы, интернет-кабинет, асхана, тұрмыстық және жуыну бөлмелері бар.
Нысан құрылысы әлеуметтік маңызы жоғары «Студенттік баспана» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған.
Сондай-ақ, А.Сәрінжіпов облысқа сапары аясында Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен өңірлік көптілділік бағдарламасының тұсаукесеріне қатысты.