Цукерберг әлемдегі тыныштық үшін Facebook акцияларының 99 пайызын беруге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цукерберг әлемдегі тыныштық үшін Facebook акцияларының 99 пайызын беруге дайын

02.12.2015
Цукерберг әлемдегі тыныштық үшін Facebook акцияларының 99 пайызын беруге дайын

Бұл туралы олар өздерінің қыздары Макстің өмірге келуіне байланысты жазған хаттарында айтқан.

«Біз Facebookтің 99 пайыз акциясын, яғни 45 миллиард долларды өзгелермен бірге ұрпақтардың бейбіт те тыныш болашағы үшін  жұмсауға дайынбыз»,-деді Цукерберг пен Чан.  

Олар өздерінің әрекеттерін осы іске үлес қосып жатқандардың таланттары мен ресурстарының жанынды болмашы ғана дүние екендігін айтады. «Біз де өзіміздің қолымыздан келетін іс арқылы ортақ мақсатқа үлес қосқымыз келеді»,-дейді олар өздерінің хаттарында.

1-желтоқсан күні Цукерберг пен Чан қыздарының дүниеге келгендігін және оның есімін Макс қойғандарын жариялады. Олар өздерінің қыздары бүгінгіден де жақсы заманда өмір сүруі қажет деген ойда. 

Хабарламаларға жазылу