Иран полиметалдар мен мыс және темірді барлауға инвестиция салуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран полиметалдар мен мыс және темірді барлауға инвестиция салуға дайын

30.11.2015
Иран полиметалдар мен  мыс және темірді барлауға инвестиция салуға дайын

Осы орайда қазқстандық геологтар геологиялық ақпараттармен жұмыс істеу үшін 2016 жылдың басында-ақ Иранға сапар шекпекші. Мұндай шешім еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі мен Иранның Кеніштерді және таулы өнеркәсіпті дамыту мен жаңғырту ұйымы өкілдерімен кездесу барысында қабылданды.

28-29 қарашада Тегеран Тау-кен және геология салаларында ынтымақтастықты дамытудың жол картасын әзірлеу үшін «Қазгеология» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов Иранның Iran Minerals Production and Supply Co компаниясының директоры В.Джафаримен және  IMIDRO ұйымының Президентінің кеңесшісі М.Тахеримен «Ghadir Investment Co» компаниясының басшылығымен және Иран Ислам Мемлекетінің тау-кен саласындағы өзге де ірі компанияларының өкілдерімен жүздесті.      

Кездесу барысында қазақстандықтар жер қойнауын пайдалану саласын реттейтін еліміздің заңындағы өзгерістер туралы және «Қазгеология» АҚ-ның қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

 

 

 

Хабарламаларға жазылу