Жекешелендіруге қатысушылардың кепілдіктерін нығайтып, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек - Жолдау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекешелендіруге қатысушылардың кепілдіктерін нығайтып, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек - Жолдау

30.11.2015
Жекешелендіруге қатысушылардың кепілдіктерін нығайтып, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек - Жолдау

«Бұл мәселеге қатысты заңды Парламент қабылады, мен оған қол қойдым. Бұл заң қазір жұмыс істеп жатыр. Енді, Үкіметке тағы бір рет  жекешелендіру шараларының шарттарын сараптап шығып, қажет болса жекешелендіруге қатысушылардың кепілдіктерін нығайтып, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Мен әлі де болса ойланып жүрген азаматтарды осындай жақсы мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамын»,-деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап, барлық кірістер мен шығындарды жалпыға бірдей декларациялау шарасы өтетіндігін атап өтті.

«Осыдан кейін қай жерде болғандығына қарамастан, тиісті есеп-шоттар ашылып, активтер есепке алынады. Оларға салынған салық мөлшері, салықтардың төленген-төленбегендігі нақтыланады. Сондықтан азаматтар осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалулары керек. Сонда, сіздер тыныш ұйықтап, емін-еркін жұмыс істейтін боласыздар»,-деді Президент

Хабарламаларға жазылу