* Нептун - Күннен ең алыс қашықтықта орналасқан ғаламшар. Алғаш рет зерттеулер емес, математикалық есептеулер нәтижесінде анықталған.
* Күн, Жер, Нептун - қарапайым әдіспен үшеуінің айырмашылығын есік, монета және баскетбол добымен салыстыруға болады.
* Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары. Күннен 4,5 миллиард шақырым қашықтықта орналасқан. Күнді толығымен айналып шығу үшін оған 165 жыл уақыт қажет. Бұл ғаламшардағы 1 күн 16 сағатқа тең.
* Уран планетасы сияқты Нептун - аммиак пен метанның комбинациясынан құралған мұз гиганты.
* Нептун атмосферасында сутегі, метан мен гелий сияқты химиялық элементтер басым.
* Ресми 13 спутнигі тіркелген. Олар грек құдайларының атымен аталады: Протей, Таласа, Наяда, Галатея, Тритон және т.б.
* Ғаламшар 6 сақинамен қоршалған. Ғалымдар мұнда Жер тұрғындарына таныс тіршіліктің болмайтынын айтады.
vsefacty.com