Қырыққабат туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырыққабат туралы не білесіз?

28.11.2015
Қырыққабат туралы не білесіз?

 

  1. Қырыққабат шырыны косметологияда қолданылады. Себебі оның жасартатын қасиеті бар. Сондай-ақ,  теріге күтім жасау үшін де пайдаланады.

 

  1. Қырыққаттың 100-ге жуық түрі бар. Ең көп таралған түрлері: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты,  гүлді  қырыққабат (цветная), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және Пекин қырыққабаты.

 

  1. Мамандардың айтуынша, мұндай өсімдіктің құрамында обыр ісігінің ұлғаюын баяулататын  дәрумен болады. Сонымен қатар, қырыққабаттың бірнеше түрінде сирек кездесетін U дәрумені бар. Бұл асқазан мен ішек ауруларының алдын алады.

 

  1. Жапонияда декорациялық өсімдік ретінде өсіріледі.

 

  1. Артық салмақтан арылу мақсатында тұтынуға болады. Сондай-ақ, шырыны  микробқа және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Оны асқазан жарасы және гастрит ауруын емдеу мақсатында пайдаланады.

 

  1. Ертеде буға пісірілген бұл көкөніс тек мерекелік дастарханға қойылған. Мұндай  тағамға түрлі дәмдеуіш қосылған.

 

  1. Алғаш рет қытайлықтар қышқыл қырыққабатты ойлап тапқан.  Оны шарапқа салу арқылы жасаған. Мұндай тағаммен Ұлы Қытай қорғанын салған құрылысшыларды тамақтандырған.

 

  1. Мамандар қарбыздан гөрі қырыққабатта нитрат көп болатынын айтады.

 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

ФОТО: www.dama.pp.ua

Хабарламаларға жазылу