Қазіргі уақытта әлем бойынша ең үлкен ұшақ - Airbus A380. Ол көлемі жағынан ғана емес, салмақ бойынша да көш бастап тұр.
Әуе кемесінің ұзындығы - 73, биіктігі 24 метр. Қанаттарының өлшемі - 80 метрді құрайды. Әуеде 560 тоннаға дейінгі салмақты көтере алатын алып ұшақтың жұмысын «Rolls-Royce» танымал өндіруші компаниясы шығарған 4 қозғалтқыш басқарады.
«Trent 970» модельді әрбір қозғалтқыштың диаметрі - 3 метр.
Алғаш рет ұшақ жолаушылар тасымалын Сингапур-Сидней және кері бағытта «Singapore Airlines» компаниясы арқылы 2007 жылы орындады. Кейін танымал әуе тасымалдаушылар ұшақтың дәл осы үлгісін қолдана бастады.
Ұшақта бірінші, эконом және бизнес класқа негізделген 555 орын бар.
«Airbus A380» ұшағының екінші түрі 700 жолаушыға арналған. Мұның ерекшелігі, орындар тек эконом класқа арналған. Сондай-ақ, әуе көлігінің іші бірнеше қабатқа бөлінген. Оларды өзара бұрандалы сатылар байланыстырып тұрады.
vsefacty.com