Қолөнер шебері Ахметжан Исламовтың таңғажайып туындылары (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қолөнер шебері Ахметжан Исламовтың таңғажайып туындылары (ФОТО)

28.11.2015
Қолөнер шебері Ахметжан Исламовтың таңғажайып туындылары (ФОТО)

Алматылық ұстаз Ахметжан Исламов шәкірттеріне ағаштан түрлі мүсін жасауды үйретеді.

«Ағаштан түрлі бұйымдар жасауға бала күнімнен әуес едім. Алғашында жиһаз жасадым. Кейін түрлі қобдишалар жасай бастадым. Ағашқа ою ойып жасаған алғашқы туындым – аяқ киім қойғыш тақтайша. Оны анама сыйладым», дейді шебер.

Ахметжан Исламов қарапайым қарындаштың өзінен түрлі мүсіндер жасайды. Оның айтуынша, бастысы – дұрыс қарындаш түрін таңдау керек. «KOH-I-NOOR қарындаштарында өзекшелер (қарындаштың ұшы) соңына дейін толық болмайды. Бұл қарындаштардың бастапқы бөлігі таза ағаштан жасалған. Оны ойып, түрлі мүсіндер жасауға болады», дейді ұстаз.

 

Сурет: www.ellf.ru

Хабарламаларға жазылу