Бұл фильм шынайы махаббат пен шоу бизнестегі қаталдық туралы. Ян Чай Рин әпкесінің орнына Қытайдан Сеулге келеді. Ал, дарынды биші әпкесі Кореяға бара алмайды.
Кореяда өтетін Ұлттық чемпионат алдында Чай Риннің басқа адам екенін түсінген Кореяның мықты бишілерінің бірі На Ен Сай оған серіктес болып, 3 айдың ішінде күлшеқызды ханшайымға айналдырады.
Режиссер Йанг-хунь Парктің «Сезім мен қадам» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:45-те тамашалай аласыздар.