«Сенбілік кездесуде» - Әбдімомын Желдібаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Әбдімомын Желдібаев

28.11.2015
«Сенбілік кездесуде»  - Әбдімомын Желдібаев

Әйгілі күйші Әбдімомын Желдібаев сұхбаттарының бірінде: «Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуi болмаса тыңдаушылардың жүрегiне жетпейдi. Халтураның өмiрi қысқа. Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды. Сыншылардың тiсiн батыра алмай жүргенi де содан болар»,-дейді.

Жетісу күйшілік мектебінің өкілі Әбдімомын Желдібаевтың  ел арасында кең танылған туындыларының бірі - «Ерке сылқым» күйі.

Күйдің шығу тарихы жөнінде күйші: «Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн, тағдыр бiздi қоспады», - деп еске алады.

«Парасат» орденінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармасы өткен ғасырдың 70-ші жылдары дүниеге келсе де, бүгінде маңызын жоғалтқан жоқ.

Күйші туындыларының ерекшелігі турасында жақындары мен достарының лебізін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу