Тәжіктердің негізгі азық-түлігі – тандыр нан, сүт тағамдары, күріштен жасалған тағамдар, көкөніс пен жемістер.
Нан тандыр арнайы пештерде пісіріледі. Қой және сиыр етін жейді. Жазық жерлерде тұратын тәжіктердің мерекелік дәмдері – палау, таулықтардікі – қой етінен пісірілген көже, яғни, шурбо.
Сіз тәжік халқының тағы қандай тағамын жасай аласыз? Тәжіктердің асханасының ерекшелігі неде?
Бүгін Ұлттық арнада сағат 12:25-те кәсіпқой аспаз бен әуесқой аспаз тәжік тағамын дайындаудан сайысқа түспек.