Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2015» халықаралық семинары өтті.
Аталмыш семинар ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын қолдану мүмкіндіктеріне және жұмысының алғашқы нәтижелеріне арналған.
Шараға Франция, Германия, АҚШ, Израиль, Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Норвегия, Нидерланд, Қытай, Украина, Иран, Жапония, Канада, Египет, Оңтүстік Африка, Корея, Беларусь және Ресей елдерінен 350-ден астам шетелдік маман қатысты.
Семинарды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырып отыр.
Форумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен «Қазғарыш» төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков қатысты.
Шара барысында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының қызметкерлері жаңа ғарыштық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.