Абай Әбішев: 2015 жыл мен үшін табысты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Әбішев: 2015 жыл мен үшін табысты болды

27.11.2015
Абай Әбішев: 2015 жыл мен үшін табысты болды

Әнші, музыкант Абай Әбішев - «Таңшолпан» студиясында қонақта 

«Шығармашылық адамы үнемі ой үстінде жүреді. Үнемі тың идеялар іздеп жүресің. 2015 жыл мен үшін табысты болды. Жаз айында шығармашылық кешімді өткіздім. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент - Елбасы қорының сыйлығын иелендім. Бұл - мен үшін үлкен баға», дейді әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі биылғы жаз айында гастрөлдік сапармен еліміздің шалғайда жатқан аймақтарын аралап шықты.

Әншінің Асылбек Әбдірахманның сөзіне жазылған Павел Лидің «Асылым» әніне түсірілген бейнебаянын «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу