Елімізде жол қозғалысы ережесін бұзу фактісіне айппұл сомасы төмендеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жол қозғалысы ережесін бұзу фактісіне айппұл сомасы төмендеуі мүмкін

26.11.2015
Елімізде жол қозғалысы ережесін бұзу фактісіне айппұл сомасы төмендеуі мүмкін

Бүгін ҚР Бас прокуратусындағы алқа мәжілісінде Жол қозғалысы ережесін бұзу фактісіне айппұл сомасын төмендету мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Статистикаға сүйенсек, айппұлдардың артуы жолдарда құқық бұзушылықтардың төмендеуіне ықпал етпеуде. Біз әкімшілік айппұлдарды өндіріп алуды қайта қарастыруға міндеттейтін үш негізгі факторды белгіледік. Біріншіде, экономикалық жағдай салдарынан халықтың табысы төмендеді. Екіншіден, 2001 жылдан бері кейбір айппұлдардың көлемі 25 есеге артқан, яғни 15 мың теңгеден 396 мың теңгеге дейін. Сонымен бірге орташа айлық еңбекақы тек 7 есеге ғана артқан, бұл тұрғыда 17 мың теңгеден 124 мыңға дейін. Атап айтқанда, біз өзге елдердің тәжірибесін зерттеу кезінде Батыс елдері мен Ресейде Жол қозғалысы ережесін бұзған кезде айппұлдар     деңгейі төмен екенін анықтадық», - деді ҚР Бас прокуратурасы төртінші департаментінің басшысы Әсет Шындалиев.

Осы орайда ол шетелдегі айппұлдар бойынша нақты мысалдар келтірді. Мәселен, жылдамдықты шектен тыс асырғаны үшін ең жоғары айппұл Люксембургте 45 мың теңге, Ресейде 22 мың, ал Қазақстанда 80 мың теңгені құрайды. «Бұл орташа статистикалық бухгалтердің бір айлығы немесе күзетшілер мен жүргізушілердің екі жалақысына тең»,-деп тоқталды Ә. Шындалиев.

Мұнымен қоса департамент басшысы көп жағдайда айппұл сомасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамдар оны төлеуге асықпайтынын айтты.

Хабарламаларға жазылу