Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

26.11.2015
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасы сапынан ерлер арасында 94 келі салмақтағы Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешов шығады. Әлем чемпионатының ерлер арасындағы тартысты бәсекесін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы түнгі сағат 01:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Ал, қыздар арасындағы бәсекені түнгі сағат 03:30-да көрсетеді. Қыздар арасында ел намысын 69 келідегі Жазира Жаппарқұл мен Майя Манеза қорғайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасында қазірге дейін 1 алтын және 1 кіші күміс медаль бар. Алтын медалді кеше 77 келідегі Нижат Рахимов алса, кіші күміс медаль 56 келідегі Арли Чонтейге тиесілі.

Хабарламаларға жазылу