Кездесу дөңгелек үстел түрінде өтеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 шілдедегі №481 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, қазақстандық кәсіптік білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен алдыңғы қатарлы профессорлары, мәдениет қайраткерлері, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының және Қазақстан жастары конгресінің атқарушы хатшылары құрамынан тұратын конкурстық комиссия құрылды.
2015 жылы конкурсқа 46 магистранттың құжаттары ұсынылды.
Ережеге және Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, Назарбаев стипендиясына үлгерімі жоғары, ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын және қоғамдық қызметті атқаратын 10 кандидатура іріктелді.