Ерболат Досаев ИЫҰ мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық, ынтымақтастығы туралы бас келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерболат Досаев ИЫҰ мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық, ынтымақтастығы туралы бас келісімге қол қойды

25.11.2015
Ерболат Досаев ИЫҰ мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық, ынтымақтастығы туралы бас келісімге қол қойды

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша тұрақты комитетінің 31-отырысы (КОМСЕК) Түркия Президенті Реджеп Эрдоган мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Ийяд Маданидың төрағалығымен өтті.

КОМСЕК Министрлер сессиясының қорытындысы бойынша Ерболат Досаев Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге қол қойды. Бас келісім Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын реттейтін басты құжаттардың бірі.

Онда сөйлеген сөзінде еліміздің Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев: «Қазақстанның келісімге қосылуы ИЫҰ елдерімен тығыз әріптестік қатынастарды дамытуға серпі береді, исламдық қаржы және экономикалық институттармен ынтымақтастықты белсендетеді, Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдеседі», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, отырыстың қатысушылары Азық-түлік қауіпсіздігі  және ауыл шаруашылығы бойынша ИЫҰ Министрлері Конференциясының 7 сессиясымен бірге, Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымының Бас Ассамблеясының І сессиясына дайындығын талқылады. Алдын ала мәліметтер бойынша оны Астанада 2016 жылғы сәуір айында өткізу жоспарланып отыр.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу