Бейбіт Ыстыбаев отбасымен «Әйел бақыты» бағдарламасында қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Ыстыбаев отбасымен «Әйел бақыты» бағдарламасында қонақта

25.11.2015
Бейбіт Ыстыбаев отбасымен «Әйел бақыты» бағдарламасында қонақта

Бейбіт Ыстыбаев 1985 жылы Жамбыл облысының Талас ауданы, Бөлтірік ауылында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің түлегі.

Ол спорт әлемінде көпшілікке «Тараз арланы» лақап атымен танылды. Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы.

2011 жылғы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдесін иеленіп, 2012, 2015 жылдары жарыс жеңімпазы атанды.

Осылайша, екі мәрте «Барыс» атағын алған палуан бүгін отбасымен «Әйел бақыты» бағдарламасында қонақта.  

Ұлттық арнадан сағат 15.00-де көріңіз!

Хабарламаларға жазылу