Әкімнің сөзінше, облыстың экономикалық даму көрсеткіші 100,5 пайызды құрап отыр. «Қазіргі таңда біздің басты мақсатымыз - экономиканың қарқынын қамтамасыз етіп, жұмыссыздыққа жол бермеу»,-дейді облыс басшысы.
Ол келтірген мәліметтер бойынша, дүние жүзінде болып жатқан экономикалық дағдарыстың салқыны Ақтөбе облысына да жеткен. Соған қармастан, аймақтағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 783 млрд теңгені құраған.