Шағын футболдан «Қасым» кубогының иегері - «Руһ» командасы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын футболдан «Қасым» кубогының иегері - «Руһ» командасы (ВИДЕО)

24.11.2015
Шағын футболдан «Қасым» кубогының иегері - «Руһ» командасы (ВИДЕО)

Бас қаланың атынан шыққан «Астана», «Премьера», «Мәдениет» командалары қарағандылық «Арқа», «Руһ» және «Сәкен» құрамаларымен кездесті.

 «Спорт деген - сиқырлы дүние. Әншілер де, әртістер де үнемі дайындық үстінде жүреді. Сол себептен спорттан да осал болып шықпайтындары анық», дейді жазушы, Қарағанды өнерпаздарының бас бапкері Серік Сағынтай.

Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау.

«Команда мүшелерінің қай-қайсысы болмасын спорт десе жан береді. Олар күнде доп ойнамауы мүмкін. Бірақ, осы жерде бар шеберліктерін салады. Футбол - біз үшін алаңдағы поэзия», дейді ақын, «Астана» командасының капитаны Дәурен Берікқажыұлы. 

Жарыс қорытындысы бойынша, үшінші орын Қарағандының айтыскер ақындарынан құралған «Арқа» командасына, екінші орын актерлардан құралған астаналық «Премьераға» бұйырды. «Қасым» кубогын​ қарағандылық ақындардан құралған «Руһ» командасы еншіледі. 

Жарыс соңында жақсы ойын өрнегін көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. 

Хабарламаларға жазылу