«Air Astana» әуе компаниясы Твиттердегі ресми аккаунтінде ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігетіні жөнінде хабарлады.
«Шымкент, Өскемен, Орал және Қостанай қалаларындағы кей рейстер ауа райының қолайсыздығы салдарынан кешігіп жатыр», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, компанияда рейстердің мәртебесін «Air Astana-ның» ресми сайтында немесе ұялы қосымшадан тексеру ұсынылды.