Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді (ВИДЕО)

23.11.2015
Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді  (ВИДЕО)

2016 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек. Мұндай шешім ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында мақұлданды.

Әлихан Бөкейхан - қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі әрі публицисі. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін алғаш рет Қарқаралыдағы кәсіптік училищеде етікші мамандығы бойынша білім алып шығады. Мұнымен тоқтап қалмай, 1886 жылы Омбыға барып, техникалық училищеге түседі.

1922 жылы большевиктер Әлиханды тұтқынға алғанда, түрмеге емес, жеті бөлмелі үйге жайғастырған делініп жүр. Алаш көсемінің еңбектерін зерттеп жүрген ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы мұны жоққа шығарады.

Балалары да Бөкейханов деген фамилияны алып жүргені үшін қудалауға түседі. Әлиханның ұлының шын аты - Өктай. Куәлік бойынша Сергей болып жазылып кеткен. Сергейден Евгений атты бала қалды.

«Әлиханның өзінен бастап, ұрпақтарының біріне де туған жерден бір уыс топырақ бұйырмады», дейді ғалым.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу