Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың туғанына - 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың туғанына - 100 жыл

22.11.2015
Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың туғанына - 100 жыл

Осыған орай, 27-28 қарашада  Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы және М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында салтанатты шара өткізіледі.  

 - 27 қараша сағат 10:00-де - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Мажарстан ғалымдары, өнертанушылары және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен Асқар Тоқпановқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және кітап көрмесі;

- 27 қараша сағат 15:00-де - М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында мерейтой иесінің туыстары мен шәкірттері және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен еске алу кеші;

- 28 қараша сағат 9:00-де - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы студенттеріне арналған шеберлік сыныптары.

Салтанатты шараға Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Есмұқан Обаев сынды қазақ сахнасының майталмандары мен театр өнерінде өзіндік орны бар шетелдік қонақтар қатысады.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу