Жұмекен Нәжімеденов өнер әлеміндегі айрықша құбылыс болған ақын. Оның өлеңдері әлі күнге дейін маңыздылығы мен өзектілігін жойған жоқ.
Темірхан Медетбек ақын туралы: «…Жұмекен Нәжімеденов деген есім – өзен, көл, таулардың географиялық, тарихи атаулары секілді рухани атауға айналып кеткен есім»,-дейді.
Алпысыншы жылдары қазақ әдебиетіндегі сюжеттік баллада жанрының дамуына сүбелі үлес қосқан Қайнекей Жармағанбетов мен Кеңшілік Мырзабеков болса, лирикалық баллада жанрының қанаттануына еңбек сіңірген Ғафу Қайырбеков пен Жұмекен Нәжімеденов.
Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың біртуар ақыны туралы толығырақ бүгін 14:25-те «Жарқын бейне» хабарынан көре аласыздар.