Бүгін – Дүниежүзілік телевизия күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Дүниежүзілік телевизия күні

21.11.2015
Бүгін – Дүниежүзілік телевизия күні

1996 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 21 қарашаны алғашқы дүниежүзілік телевизиялық форумның өту құрметіне орай Дүниежүзілік телевизия күні  (World Television Day) деп белгіледі. Бүгінде телевизия – байланыс және жаһанданудың символы ретінде қалыптасқан.

Сол себепті, бұл күнді мемлекет бейбітшілік, қауіпсіздік экономикалық және әлеуметтік даму, мәдени байланысты кеңейту тақырыптарына арналған телевизиялық бағдарламалармен алмасу арқылы атап өтуді ұсынады.

Электронды сәулелерді пайдалану арқылы бейнені белгілі бір қашықтыққа дейін тарату мақсатындағы  алғашқы зерттеулер АҚШ, Жапония және Кеңес одағында 1920 жылдың басында-ақ басталған еді.

1933 жылы америкалық инженер Владимир Зворыкин бүгінге дейін бірқатар теледидарлардың негізгі бөлшегі саналатын  катодты құбырды ойлап тапты. Зворыкиннің жаңалығының арқасында 1936 жылы Ұлыбритания және Германия елдерінде телебағдарламалар шыға бастады. Ал, 1941 жылы АҚШ-та пайда болды.

Тек XX ғасырдың 50-ші жылдары ғана телехабар тарату тұтас Еуропаға тарады.

Әлемнің ең үлкен телекомпанияларының қатарына АҚШ-тағы CBC, NBC, ABC,  Ұлыбританиядағы BBC, ATV, Италиядағы РАИ, Жапониядағы NHK және Германиядағы ЦДФ жатады.

Хабарламаларға жазылу