«Көңілашар» әзіл-сықақ бағдарламасында тараздық Елдос Қадірханов сайысқа түсті. Оны қолдаған - Ғаділбек Жанайдың тобы.
Олар У.Шекспирдің «Отелло» шығармасын қойып, қазылар алқасының қошеметіне бөленді.
«Елдос Қадірханов рөлді жақсы сомдады. Диалог та әдемі шықты. Бір-біріңізді түсінгендеріңіз көрініп тұр. Бұл образ Елдосқа жарасып тұр. Қойылым ұнады», - деді Тұрсынбек Қабатов.
Айта кетейік, Елдос Қадірхановтың қарсыласы Гүлмира Жакилинаның тобы У.Шекспирдің «Гамлет» шығармасын сахналады.