Бұл күнді АҚШ-тың Онкология қоғамы 1977 жылы белгіленген. Осыған қарай Қазақстанда да жыл сайын ағзаға темекінің кері әсері туралы халықты кеңірек ақпараттандыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Биыл да Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығы Халықаралық темекіден бас тарту күніне орайластырып, 2015 жылдың 10-19 қарашасы аралығында «Темекі бұйымдарына салықты көтеру!» ұранымен онкүндік өткізеді.
Аталмыш орталық өкілдері таратқан ақпараттарға қарағанда, темекіні тұтыну әлемде пайда болған денсаулыққа қауіп төндіретін үлкен қатерлердің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын әлемде 6 миллионға жуық адам темекінің салдарынан болатын аурулардан көз жұмады.