Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» жобасы жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» жобасы жүзеге асырылуда

19.11.2015
Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» жобасы жүзеге асырылуда

Аталмыш шара  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің кеңейтілген бірлескен түрде өтеді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Онда сонымен қатар, кеңейтілген отырыстың ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген балаға мейірімді қалаларды мойындаудың ұлттық жүйесінің бастамасы болып табылатындығы айтылады.

Кеңейтілген отырыстың пленарлық бөлімі барысында бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың жұмысының нәтижесін талданады және    «Балаларға мейірімді қала» атағы мен дипломдарды салтанатты түрде табыстау болады.

Секция отырысы барысында Қазақстанда «Балаларға мейірімді қала» бастамасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқыланып, отырысқа қатысушыларға қазақстандық индекстерді есептеу рәсімі таныстырылады.

Сонымен қатар, Женева қаласындағы Қазақстан Республикасында Балалардың жағдайына қатысты мерзімдік баяндаманы қорғаудың қорытындысын талданып,  адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру мәселесі, 2016 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеу шараларын талқылау жоспарланған.

 

Хабарламаларға жазылу