21 қараша күні «Астана Арена» стадионында ҚР Кубогының финалдық ойыны өтеді. Кубокты «Астана» - «Қайрат» командалары сарапқа салатын болады. Тартысты доп додасын сағат 14:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетпек.
Сонымен қатар, 25 қараша күні Астанаға «Бенфика» (Португалия) футбол клубы келмек. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч қарсаңында «Таңшолпан» тілшілері футболшылардың дайындығын көріп қайтты.
«Биылғы маусым өте қиын болды. Себебі, мақсат – чемпиондықты қолда ұстап қалу. Өткен маусымда чемпион болғандықтан, барлық қоманда бізге қарсы екі есе дайындалады. Барлығы да мықты командалар. «Оңай ұтамыз» дейтін команда биыл болған жоқ. Еліміздегі футбол деңгейі көтеріліп келеді»,-дейді «Астана» футбол клубының қорғаушысы Елдос Ахметов.
Еуропадағы ең атақты турнирде ойнаған кездегі сезімімен бөліскен Елдос: «Басында мақсатымыз - Еуропа лигасы еді. Осы сындағы ең мықты ойын «АПОЭЛ» командасымен сырт алаңда өткен матч болды. Онда біз соңғы минутта гол соғып, 1:1 есебімен тең түстік. Сол кездегі сезімді сөзбен жеткізу қиын. Енді Чемпиондар Лигасында «Реал Мадрид», «Барселона» сынды командалармен қатар ойнау – үлкен бақыт»,-дейді.
«Қайратпен» өтетін матчты Қазақстанның «Эль-Класикосы» деп айтуға болады. Сол себепті, бұл ойынға ерекше дайындалудамыз. Ойын тартысты болғалы тұр».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.