Баланы балетке неше жастан баулу керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баланы балетке неше жастан баулу керек? (ВИДЕО)

19.11.2015
Баланы балетке неше жастан баулу керек? (ВИДЕО)

Балет – асқан ептілікпен келетін табиғаты қиын  өнер. Еліміздегі кәсіби балет өнері XX ғасырдың 30-шы жылдары қалыптаса бастады. Содан бері талай бишілеріміз төрткүл дүниені  тамсандырып келеді.

Ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қиымылымен көрсететін балетте либретто жазатын сценарист, композитор, балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Ал, мұны бейнелеуші бишілер балетке 10 жастан келуі керек. Оның өзіндік талаптары да бар.

«Бірінші талап, баланың буындары жұмсақ, аяғын жақсы көтере алатын, сыртқы дүниесі сұлу, аяқ-қолы әдемі болуы керек. Балетте қойылар талап өте көп.  Бұл өнермен 20 жыл  ғана шұғылдана аласың. 20 жылдан кейін дененің жылжуға деген қабілеті қайта бастайды. Сондықтан да, балет бишілерінің негізгі уақыты өте аз»,-дейді «Астана Опера» театрының бас балетмейстері Тұрсынбек Нұрғалиев.

Балеттің негізгі элементтері халықтың музыка, би шығармаларымен тікелей байланыста туады. «Оны билеу барысында бишілер әртүрлі эмоция көрсетеді.  Сол себепті, олар көңілдің адамы болады», дейді балетмейстер.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу