Шәкен Аймановтың әйгілі «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ образымен қалың көрерменнің сүйіктісіне айналған Әлімғазы Райымбеков сол «періште» қалпымен бар қазақтың жүрегінен орын тепкен адам.
Фильмге түсер кезде ол колхоздардың бірінде жай ғана механизатор болып қызмет атқарған қарапайым шаруа еді. Тайлақ образын кәсіби әртістерден кем сомдамай, елге танымал болды. Сол тақиясын тастамайтын Тайлақ бүгінде 80 жасқа толған ақсақал.
Әлімғазы Райымбековтың мерейтойына арналған шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 20:40-та көре аласыздар.