80 адам зардап шекті.
Нигерияның Йола қаласында қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, 32 адам мерт болды. Тағы 80 адам зардап шекті.
Бұл туралы Қызыл Кресттің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып Reuters агенттігі хабарлайды.
Осыған дейін мәлім болғанындай, жарылғыш зат аймақтағы базардың маңында орналасқан автопаркке қойылған. Ол кешкісін саудагерлер мен сатып алушылар үйлеріне қайта бастаған кезде іске қосылған.
Оқиға куәгерлерінің сөздерінше, жарылыстың қуатты болғандығы соншалық, оны қаланың қай аймағынан болса да есту мүмкін еді.
Әзірге бұл жарылысқа қатысты өзге ешқандай мәліметтер жария болған жоқ.
Бұған дейін Нигерия полициясы сепаратистік қозғалыстың 83 мүшесін тұтқындаған.