Күні кеше Астанада өткен «Сағындырған әндер-ай» концертінде Әлішер Кәрімовпен бірге дуэт орындаған Димаш Құдайберген бұл турасында: «Дуэт орындау қашанда ауырлау. Дегенмен, Әлішер сынды тамаша әншімен өнер көрсету оңай болды. Себебі, екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Оның үстіне биік дауыста ән айтатын өнерпаздар қатарынанбыз»,-дейді.
«Бала кезімнен армандап жүрген бір байқау бар. Ол да «Славян базары» сияқты халықаралық сайыс. Алдағы уақытта сол байқаудан да төбе көрсетіп қалармен деген ниеттемін»,-деген әнші оның қандай байқау екенін әзірге құпия қалдыруды жөн көрді.
«2016 жылы Астанада есеп беру кешімді өткізу жоспарда бар. Концерт жүз пайыз жанды дауыста болады. Тағы бір жағымды жаңалық, жуырда Түркияға концертке бардым. Бұл концертті 70 шақты мемлекетте тікелей эфирде көрсетті. Сондай-ақ, Жапония концертке шақырып жатыр. Ол да тікелей эфирде көрсетілмек».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.