Қазақтың қара домбырасын күмбірлете тартып отырған қара балалар «Black Star kz» тобы. 2013 жылы Нигериядан біздің елге келген өнерпаз жігіттер бірнеше жылын Бакуде өткізген. Елімізге келгеніне екі-ақ жыл болса да, қазақ тілін біршама меңгеріп алған.
«Біздің Әзірбайжанда қазақ досымыз бар. Бакуде таныстық. 2009 жылы құрылған тобымыз тек «Black Star» деп аталды. Сол елдің тілімен «Кара юлдыз» болдық»,-дейді топ мүшелері.
Мұса Зибо бір жылдың ішінде домбыра шертуді үйреніп алған. Қазір қазақтың күйлерін бірінен соң бірін қиналмай тартады.
Жігіттер «шоу-бизнесте жүрген соң, тойға да ара-тұра шығып тұрамыз»,-дейді. «Black Star kz» тобы болашағын біздің елмен байланыстырады. Қазір олар кино түсіру үстінде.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.