Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

18.11.2015
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

18 қараша күні Қазақстанның территориясында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей аймақта жауын-шашын сақталады, қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз Қарағанды облысының жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында бұрқасын болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-18 м/с күшейеді. Қостанай облысында тұман, сырма жүріп, желдің 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23 м/с дейін болады.

Хабарламаларға жазылу