Мәдениет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер археологиялық олжаларды музейлерге тапсыруды міндеттейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz .
«Заңға енгізілген өзгерістер бойынша қазба жұмыстары кезінде табылған заттарды міндетті түрде музейлерге беру айқындалып, тиісті рәсімдер жасалатын болады. Бұл мәдени құндылықты тапқан тұлғаларға экспонаттарды музейге өткізуді міндеттейді», - деді К.Сейітова.