Александр Юганесович шығармашылық пен спортты ұштастыра білетін ғажап азамат. Оның жеңіл атлетикамен айналысып, жүгіру спортына ден қойғанына міне, 32 жылдың жүзі болды. Яғни бұл спорт түрімен ол 1983 жылдан бері айналысып келеді.
Ол өзінің алғашқы марафонын 1994 жылы Омскідегі Сібір халықаралық марафонында 2 сағат 55 минутта жүгіріп өтті. «Жалпы менің есебімде 26 классикалық марафон бар. Оның 18-і халықаралық марафон»,-дейді спортшы.
Ол қалалық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы. Екі мәрте ежелден келе жатқан жүгіруден 30 киломтер қашықтықты қамтитын Пушкин-Санкт-Петербург халықаралық жарысының қатысушысы болған.
Алматыда өткен энергетиктер арасындағы халықаралық марафонның жүлдегері. Сондай-ақ 1993-2003 жылдардағы ең танымал 38 километр қашықтыққа бағытталған, Жеңіс күніне арнайы ұыймдастырылған Малиновка-Астана жарысының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол 10,20,42, және 195 километрге бағыталған Қазақстан чемпионатының үздік ондығына енді. Жеңіл етлетика спорты ардагерлері арасында 2008-2012 жылдары екі рет ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Спартакиадасына Астана командасының құрамасынан қатысты. 2 мың 400 километрлік қашықтықта ұйымдастырылған Олимпиадалық жүгіру жарысының бірнеше мәрте жеңімпазы.
Ол соңғы рет 2014 жылы Омскіде өткен халықаралық марафонға қатысып, 45-49 жас аралығындағы азаматтардың арасында 10 орын алды.
Бүгінде аяулы әріптесіміздің күш-қуаты бойында және әлі республикалық тіпті халықаралық жарыстарға қатыссам ба деген жоспары да жоқ емес. Ал, біз шығармашылықпен қоса спортты да серік еткен әріптесімізге тек сәттілік тілейміз және оның әлі талай азаматты салауатты өмір салтын ұстанып, үлкен спорт әлемінде үлкен биіктерді бағындыруна үлес қосатынына сенімдіміз.