Қыс мезгілінде суыққа бермес жылы аяқ киімдердің бірі – байпақ. Бұл әрі бабадан келе жатқан аяқ киім үлгісі. Қазір байпақ киетіндер бар ма?
Бүгін «Бірге таңдаймыз!» хабары барысында отандық өндірушілер – қазақстандық тігін фабрикасының мамандары арзан әрі жылдам тәсілмен үйде байпақ тігуді үйретеді.
Сондай-ақ, қысқы мәзір: әсіпті үйде дайындаудың түрлі тәсілдерін көрсетіп, ең таңдаулы рецептпен бөлісеміз.
Салауатты өмір салтын ұстану үшін артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Үйдегі фитнес туралы не білесіз? Ешқайда бармай-ақ, дене сымбатын қалай сақтауға болады? Бүгін 13:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз.