Гүлнұр Иманова-Латып: Дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлнұр Иманова-Латып: Дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын (ВИДЕО)

16.11.2015
Гүлнұр Иманова-Латып: Дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын (ВИДЕО)

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін өткізуге арналған ұлттық нақыштағы өнімдерді насихаттаушы ұлттық өнімді ұлттық бренд ретінде әлемге танытқысы келеді.

«Өзім дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын. Бала кезімнен әжемнің ұлттық дүниелерге, қолөнерге деген махаббатын көріп өстім. Мені де осы өнерге баулыған сол кісі. Бүгінде жастардың дені салт-дәстүр дегенді білмейді. Өз қатарластарымнан да соны байқадым. Тіпті, маған келіп, «қоржын деген не?», деп сұрағандары болды. Сондықтан, қазіргі заманда салт-дәстүрдің насихаты аса қажет екенін түсіндім»,-дейді дизайнер.

«Біз халықаралық көрмелерге жиі қатысамыз. Шетелдіктерге қазақтың тарихын, мәдениетін, қолөнерін таныстырамыз. Жазда біздің туындыларымызды Александра ханшайым көрді. Ол кісі Ұлыбритания патшайымының немере  сіңілісі болып келеді. Туындыларымызды қатты ұнатты».

«ARULINE»-нің бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, өнім киізден жасалған. Декордан авторлық техниканы көруге болады. Оның әр тасы қолмен тігіледі. Тағы бір басты ерекшелігі – әр бұйымды өзінің тарихи атауымен айтамыз.  Мысалы, сөмке емес, қалта деп атаймыз. Клатчты – қобдиша, рюкзакты – дорба дейміз».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу