Ағзаға Е дәрумені тағам арқылы түскендіктен, қандай азық-түлік құрамында болатынын білген жөн. Сондай-ақ, токоферолы бар өнімді мөлшерден тыс қолданса гиповитаминоз бен жағымсыз әсерлерді сезінбес үшін қаншалықты мөлшерде пайдалану керек осыларды білген дұрыс. Е дәруменінің басты рөлі – ағзадағы мембран клеткаларын радикалдардан қорғау.
Токоферол (Е дәрумені):
- Терідегі жаралар мен тыртықтардың қалыптасуын бәсеңдетеді;
- Қанқысымының жоғарлауын төмендетеді;
- Шаршағыштықты басады;
- Ағзадағы қанттың төмендеуіне септігін тигізеді;
Дәрумен кездесетін негізгі тағам өсімдік тектес. Көбіне токоферол бидайда болғандықтан, диетологтармен косметологтар бұл өнімді тері ауруларын емдеуде қолдануды кеңес береді.
Басқада күнбағыс, жүгері, зәйтүн өсімдік майларында Е дәрумені көп мөлшерде болады. Бірақ, өсімдік майларын күндізгі тәулікте мөлшерден тыс қолданбаған жөн. Күніне 2-3 қасық мөлшерде пайдалану тиімдірек.
Сонымен қатар, дәрумен өсімдік тектес: орех, арахис, грек жаңғағы мен бадамда; бұршақ тұқымдас: асбұршақ, фасольда; жармалар: сұлы, күріш; көкеністер: шпинат, қызанақ, сәбіз, пияз, ақжелекте (петрушка), жемістер: банан, апельсин, алмұрт, сабақты дәндерде бар.