Қояншөптің (спаржа) пайдасын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қояншөптің (спаржа) пайдасын білесіз бе?

15.11.2015
Қояншөптің (спаржа) пайдасын білесіз бе?

Қояншөп  (спаржа)  - түрлі мақсатта қолданылады. Оны бөлме гүлі ретінде өсіретіндер де бар. Ал, пайдалы  көкөніс ретінде бұрыннан  тұтынған.

Қояншөптің 200-ден астам түрі бар. Алайда тек екі түрі - жасыл және ақ түстісі кең таралған.

Қояншөптің денсаулыққа пайдасы

Қояншөп – денсаулыққа өте пайдалы. Оны арықтауға арналған диеталық тағам ретінде тұтынуға да болады.

Оның құрамында бірнеше пайдалы зат  болғандықтан, емдік мақсатта да қолданылады.

Мысалы:

  • Аспарагин. Қан қысымын төмендетіп, ағзаны зиянды заттардан тазалайды;
  • Бета-каротин. Көздің көру қабілетін жақсартып, теріні қалпына келтіреді;
  • Минералды кальций, фосфор. Сүйекті қатайтады;
  • Магний, темір. Қан жасушаларының түзілуіне қатысады;
  • Йод. Гормондардың жұмысын реттейді;
  • РР дәрумені. Бауыр ауруларының алдын алады. Жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, жүкті әйелдерге өте пайдалы;
  • Фолий қышқылы. Жатырдағы сәбидің дамуына септігін тигізеді. Қан құрамын жақсартып, ас қорытуға көмектеседі.

Жасыл қояншөптің құрамында ерте қартаюдың алдын алатын антиоксиданттар бар. Сондықтан қояншөп - Голливуд жұлдыздарының сүйікті тағамы.

Құрамында балалардың туа біткен ауруларымен, шаршау және жүрек ауруы кезінде күресуге көмектесетін  дәрумендер бар.

 

Хабарламаларға жазылу