Дүниежүзіндегі қымбат сағаттарды білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзіндегі қымбат сағаттарды білесіз бе?

15.11.2015
Дүниежүзіндегі қымбат сағаттарды білесіз бе?

Patek Philippe Henry Graves Supercomplication - дүниежүзіндегі қымбат сағат ретінде 3 орында тұр. Бұл сағатқа қатысты қызықты тарихи деректер бар. Американың ауқатты екі тұрғыны кімге күрделі сағат бұйырады деп бәстеседі. Бұл бәсекені Грейвз жеңіп, ол үшін арнайы 900 бөлшектен тұратын алтын сағат дайындалған.

Сағаттың циферблатында жұлдызды аспан бейнесі мен әртүрлі 24  қызмет атқару деңгейі сағатты теңдессіз еткен. Арада 70 жыл өткеннен кейін бұл сағат Sotheby's аукционында 11 миллион долларға сатып алынған.

201-carat Chopard  сағаты әлемдегі қымбат сағат ретінде 2 орында. Бұл сағат 874 асыл тастармен безендірілген. Кішігірім циферблаты 3 бриллиант тастармен көмкерілгендіктен 25 миллион долларға бағаланған.

Швейцариялық Jaeger-LeCoultre фирмасы шығарған Joaillene Manchette әлемдегі ең қымбат сағат болып есептеледі. Ақ алтыннан жасалған әшекей циферблаты  576 бриллиант пен 11 оникс кристалдары мен сапфир шыныларымен безендірілген. Сағаттың құны – 26 миллион доллар.

Хабарламаларға жазылу