28 жастағы қытайлық жігіт қуыршаққа үйленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 жастағы қытайлық жігіт қуыршаққа үйленген

14.11.2015
28 жастағы қытайлық жігіт қуыршаққа үйленген

28 жастағы қытайлық жігіт өлер алдында өзінің той жасап, үйленгісі келетінін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Дәрігерлер оның оба ауруына шалдыққанын айтады.

Өзінің көп өмір сүрмесін білген жігіт қуыршаққа үйленеді. Өйткені, ол асыл жарын жесір қалдырып, жүрегін жаралағысы келмеген. Сондықтан да, ол осындай қадамға барған.

Тойға ешқандай қонақтың шақырылмағаны болмаса, қалған той әдебінің бәрі сақталған. Той көйлек те, фотограф та - бәрі-бәрі бар.

Әлеуметтік желіге той суреттері шыққан кезде, интернет қолданушылар қытайлық жігіттің бұл әрекетін құптап, қолдау көрсеткен. 

Хабарламаларға жазылу