«Сенбілік таңда» тұманды алқапты бағындырған қазақ жастары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таңда» тұманды алқапты бағындырған қазақ жастары

14.11.2015
 «Сенбілік таңда» тұманды алқапты бағындырған қазақ жастары

Мадияр  Айтбаев бала күнінен математика пәнінен облыстық, республикалық олимиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Кейіннен оқуын қазақ-түрік лицейінде жалғастырып, үш мәрте республикалық олимпиаданың чемпионы атанады.

Кезінде «Бағдарлау» (программирование) пәні бойынша халықаралық дәрежедегі олимпиадаға қатысып, қола медаль иегері де болған.

Бүгінде әлемдегі өте ірі «Google» компаниясында қызмет ететін жас: «Google» сияқты та­нымалдылығы бойынша бірінші орында тұрған ірі компанияда жұмыс істеу, өз мүмкіндігімізді әлемге паш ету менің арманым болатын»,-дейді.

Әлемдік «Google» компаниясының қызметкері, қазақ баласы Мадияр Айтбаев және акушер-гинеколог Жанна Құтбаевамен сұхбатты  бүгін сағат 09:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу